Оқиға
1 мин оқу 325
Қарақалпақстанда үш күннен бері орман өртеніп жатыр
<p style="text-align: justify;">Қарақалпақстан Республикасының Әмудария облысында қалың тоғай арасындағы өртті сөндіру мүмкін болмай тұр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өсімдіктер мен фаунаға келтірілген шығын әлі есептелмеген.
Аудандағы өртті сөндіруге 500 адам мен 10-нан астам техника жұмылдырылған. Бірақ өрт бірнеше рет сөндірілсе де, қайта тұтануда.
Қазіргі уақытта өрт Түркіменстанмен шекарада орналасқан үйлерге жақындап қалған. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Бөлісу:
