Аймақтар
1 мин оқу 1,140

Бас дәрігер өзіне 2,5 млн теңге сыйақы тағайындаған

<p style="text-align: justify;">Байқоңыр қаласында көпсалалы аурухананың бас дәрігеріне қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Тергеу барысында 2020 жылдың желтоқсанында Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасының бас дәрігері өзінің лауазымдық жағдайын асыра пайдаланған. Ол осы медициналық мекемеге тиесілі 2 млн 500 мың теңгеден астам қаражатты өзіне сыйақы ретінде тағайындап, ақша жымқырғаны анықталды», деп хабарлады «Байқоңыр» кешенінің прокуратурасы. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жасалған әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға және «Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасы» МКК келтірілген материалдық залалды өтеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық істі тергеу барысы прокуратураның бақылауына алынды.

Бөлісу:
Бас дәрігер өзіне 2,5 млн теңге сыйақы тағайындаған · Egemen Qazaqstan