Теннис
1 мин оқу 206
Дэвис кубогі: Қазақстан ширек финалда Сербияға есе жіберді
<p style="text-align: justify;">Теннистен Қазақстан командасы Дэвис кубогінің ширек финалында Сербиядан ұтылып, жарысты аяқтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰОК-ке сілтеме жасап.</p>
Мадридте өткен ойында қазақстандықтар 1:2 есебімен қарсыласқа жол берді.
Шешуші матчта әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович пен Никола Чачич жұбы қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесовті 6:2, 2:6, 6:3 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 37 минутқа созылған.
Айта кетейік, Сербия мен Қазақстан арасындағы матчта Қазақстан тарапынан Михаил Кукушкин ғана жеңіске жетті. Ал Александр Бублик өз кезегінде Новак Джоковичтен ұтылды.
Бөлісу:
