Медицина
2 мин оқу 350
Шымкентте клиникалық аурухана тағы бір томография кабинетімен толықты
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласындағы №1 клиникалық ауруханада компьютерлік томография кабинеті ашылып, жаңа құрылғымен жабдықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Жаңадан ашылған томография кабинетін аралап көрген денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов инсульт салдарынан болатын өлім-жітім санын азайту үшін диагностикалауда құрылғының маңызы зор екенін айтты.

Бүгінде қаланың 22 медициналық мекемесінде компьютерлік томография кабинеттері бар. Мұндай құрылғының арқасында дәрігерлер жүрек-қан тамырларындағы дерттерді дер кезінде анықтап, инсультті емдеудің тиімді әдістерін қолдануда.
Айта кетсек, заманауи үлгідегі аппарат АҚШ-тан әкелінген. Бұл тек жүрек қан тамырларының ауруын ғана емес, сонымен қатар ми, өкпеге қатысты ауруларды да анықтайды.
Құрылғы қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүрек қан тамырларының зақымдану деңгейін байқауға, сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға жағдай жасайды.

Бөлісу:
