Әдебиет
2 мин оқу 16,250

Сөресінде – сан кітап

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.3pt;">Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жеке кітапханасын сонау 60-жылдарда &ndash; студент кезінен жинай бастапты. Қа&shy;зіргі таңда Елбасының жеке кітап&shy;ханасының кітапхана қорында 35 мың&shy;нан астам басылым бар. Нұрсұлтан Назарбаев Абай мен Шәкәрімді, Мұхтар Әуезовті, Сәкен Сейфуллинді, Ілияс Есен&shy;берлинді, Фариза Оңғарсынованы, шет&shy;ел әдебиетінен Лев Толстой мен Антон Чеховты, Достоевскийді, Борис Аку&shy;&shy;&shy;нинді, Шекспир және Стендальді, Конан Дойлды, Оливер Стоун жаз&shy;ған &laquo;Аме&shy;&shy;ри&shy;каның белгісіз тарихы&raquo;, Фран&shy;клин Руз&shy;вельт&shy;тің &laquo;Камин жанын&shy;дағы кез&shy;&shy;де&shy;суін&raquo; және т.б. көптеген кітап&shy;тарды оқыған. </span></p>

Сөресінде –  сан кітап

Кітапхана қорында құнды кітаптар ішінен сирек кездесетін, коллекциялық және көне басылымдар – атақты «Атлантика кодексінің» Леонардо да Винчи манускриптінің көшір­месі сақтаулы тұр. Фолиант әйгілі өнер­тапқыштың аэродинамика, қару, музыкалық құралдар, математика, ботаника және басқа секілді тақырыптарға салған сызбала­ры мен жазбаларынан тұрады. XVI ғасырдың аяғында мүсінші Помпео Леони құрастырған  «Атлантика кодексінің» түпнұсқасы қа­зіргі кезде Миландағы Амброзиан кітап­ханасында сақтаулы. 2009 жылы қыр­күйек­те Леонардо да Винчидің сызбалары мен қолжазбаларының жинағы әлем жұрт­шылығына таныстырылып, 2014 жылы манускрипт көшірмесі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тарту етілді.

Сондай-ақ Елбасына қазақстандық ға­рышкер Талғат Мұсабаев берген ғарышта болған Құран, 1838 жылғы энциклопедиялық лексикон да кітапхана қазынасын байытып тұр. Ондағы ең ежелгі кітап – 1667 жылы басылған «Шариғат нормалары – аяттар мен сүрелерге негізделген қолжазба».

Тұңғыш Президентке дүниежүзі мемле­кеттерінің президенттері, өнер, мәдениет қайраткерлері сыйлаған қолтаңбасы бар коллекцияға Сингапурдың негізін қалаушы әке Ли Куан Ю-дің сыйға тартқан кітабы, Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министр­і Маргарет Тэтчердің «Билікке жол», үлкен Джордж Буштың, Билл Клинтонның «Менің өмірім» кітабы қойылды. Сондай-ақ Американың 44-президенті Барак Обаманың «Американың ең озық идеялары», ҚХДР төрағасы  Си Цзиньпиннің «Мемлекеттік басқару туралы» кітабы да бар.

Ресей Федерациясының тұңғыш пре­зиденті Борис Ельцин өзінің «Записки президента» кітабына «Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­на автордан құрметпен!» деп қолжазба қалдыр­ған. Ал «Путь к власти» атты өмір­баян­дық кітабында Ұлыбританияның бұ­рынғы Премьер-министрі Маргарет Тэтчер Елбасыға жылы лебізін жеткізеді.

Бөлісу:
Сөресінде – сан кітап · Egemen Qazaqstan