Кино
1 мин оқу 370

«Боксшы» фильмін тамашалады

<p style="text-align: justify;">Алматыда қазақстандық спортшы Серік Сәпиевтің Олим&shy;пиада алтынына қол жет&shy;кізу тарихын баян&shy;дай&shy;тын &laquo;Боксшы&raquo; филь&shy;мінің тұсау&shy;кесері өтті. Кинотуы&shy;н&shy;дының алғашқы көрсетіліміне басты кейіпкердің прототипі, атақ&shy;ты спортшы Серік Сәпиев қатысты.</p>

«Боксшы» фильмін тамашалады

– Фильмде менің өмір­бая­­ным суреттелген, барлық кейіпкер де өмірде бар адам­дар. Өзінің алдына мақ­сат қойған адамның қандай жетіс­тіктерге қол жеткізе алаты­нын баяндайтын туынды. Фильм­ді түсірмес бұрын сценарий авторларымен және режиссер Ақан Сатаевпен бірнеше рет кездесіп, картинаның же­­лі­сін талқыладық. Фильм­нің бар­лық түсіру тобына ал­ғысым­ды білдіремін, – деді Серік Сәпиев.

Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген режиссер Ақан Са­таев келген қонақтарға алғы­сын білдіріп, бұл премьераны ұзақ уақыт күткендерін айтты.

– Осы жобада бар күшін салып, шеберлікпен еңбек еткен фильмнің түсіру тобына рахмет айтамыз. Кино­туындының жарыққа шы­ғуына себепкер болған Мә­де­ниет және спорт ми­­­нис­тр­лігіне, «Ұлттық кино­ны қол­дау мемлекеттік орта­лы­­­ғы­на», сондай-ақ түсі­рі­лім­ кезінде бізге қолдау көрсет­кен қала басшылығы­на, спорт базалары­ның жетек­шілеріне алғысымды жет­кіз­гім келеді, – деді режиссер.

«Боксшы» фильмінің ал­ғашқы көрсетіліміне келген қонақтар аталған кино­туын­ды көңілден шыққа­нын жасырмай, фильм соңын­да ұзақ қол соғып, актерлермен суретке түсті.

– Фильм маған ұнады, ерекше әсер алдым. Олим­пиа­да­ның алдында қандай сезімде болсам, бүгін де сол тол­ғанысты қайта бас­тан кеш­тім, кейбір сахналары тіпті жү­рекке тиді. Бұл фильм­ді анам да көргісі келіп, про­кат­қа шыққанын күтіп отыр, – деді Серік Сәпиев.

Айта кетсек, «Боксшы» фильмі еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
«Боксшы» фильмін тамашалады · Egemen Qazaqstan