Өнер
2 мин оқу 352

Тұңғыш Президент күніне арналған концерт

<p style="text-align: justify;">Облыс орталығы Өскеменде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған &laquo;Елбасы жолы&raquo; атты мерекелік концерт өтті. Иә, тәуелсіздік жолында Елбасының жолы ерек, еңбегі ерен.</p>

Тұңғыш Президент күніне арналған концерт

Үлбінің жаға­лауындағы «Ертіс концертте» өткен салтанатты ша­раға Шы­ғыстың әнші-күйшілері ға­на емес, Қазақстан эстрадасының та­­ны­мал жұлдыздарының бірі «Mezzo» тобы да әннен шашу шаш­­ты.

Мерекелік концертке келген қала жұртшылығы ең алдымен «Ертіс концерттің» кіреберіс фойе­сіне қойылған «Кемеңгер көш­бас­шы – кемел Қазақстан» атты көр­мені аралап көрді. Об­лыстық А.Пушкин атындағы кі­тапхана ұжы­мы ұсынған бұл көрмеде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы, ел үшін еткен еңбегі, тә­уелсіз Қазақстанның қалып­та­­суы мен осы күнде жеткен жетіс­­тіктері туралы мол мәлімет жинақталғанына куә болды ел. Көрмеден соң елдің назары Елбасы туралы деректі фильм­ге ауды. Қыс­қаметрлі деректі фильм­де Тұң­ғыш Президенттің жүріп өткен жолы баяндалады.

Мерекелік күнге орай ұйым­дастырылған концерттің шы­мылдығы Қ.Мұхтардың орын­да­уындағы «Асыл аға» атты әнмен түрілді. Сондай-ақ көрер­меннің ыстық ықыласына ие болып жүрген қазақ эстрадасының танымал әншілері «Mezzo» тобы да арнайы келіп, өнер көр­сетті. Классикалық стильде ғана ән салатын «Mezzo» тобы биыл Сочиде өткен «Жаңа тол­қын» байқауына қатысып, дүйім жұртты өнерлерімен тәнті еткен еді. Бұл жолы да олар Г.Подэльскийдің «Люблю тебя, мой край родной», Абайдың «Кө­зімнің қарасы» әндерін орындап, өскемендіктердің қошеметіне бөленді. Иә, тыңдап отырып, өнердің, ән өнерінің бір шыңы дерсіз. Көңілді кеште «Incoro» тобы Н.Назарбаевтың «Город мой» әнін шырқады.

Тұңғыш Президенттің ядро­лық қарудан бас тартып, бүкіл әлемге үлгі болғанын бәріміз білеміз, мақтан тұтамыз. Мере­кеге орайластырылған бұл кон­цертте Елбасының Семей ядро­лық полигонын жапқандағы еңбегі де аталды. Осынау игі іс­тің желісін «Алтай» халықтық би тобы «Семей-Невада» компо­зициясы арқылы сәтті алып шықты. Мере­кеге орай тәуелсіз елдің бақыт­ты балалары да өлең оқып, ән­нен шашу шашты. Олар «Үшқо­ңыр», «Ақ көгершін», «Земля моя» ән­де­рін шырқап, көрермен жү­регін елжіретіп жібергендей болды. Ұйып тың­дады бәрі. Бір сағат­қа созылған мерекелік концерт Н.Назарбаевтың «Жерім менің» әні­мен қорытындыланды.

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Тұңғыш Президент күніне арналған концерт · Egemen Qazaqstan