Қазақстан
1 мин оқу 832
Картоп экспортына шектеу енгізілуі мүмкін
<p style="text-align: justify;">ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елден қазақстандық картопты шығаруды шектеу мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Биыл Ресейде егін жинау 8,3%-ға аз. Көршілер бізден картоп сатып алуда. Сондықтан біз қыс мезгілінде бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін үш айлық шектеуді қарастырамыз», деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.
Сондай-ақ ол Қазақстанда биыл картоп түсімі бұрынғыға қарағанда 100 мың тоннаға аз жиналғанын айтты.
Егер көрші елдер басқа нарықтарды тауып, қыста және көктемде бағаның өсуі қаупі болмаса, онда картоптың экспорты шектелмейді.
Бөлісу:
