Саясат
1 мин оқу 792

Өзбекстан Президенті Қазақстанға келеді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-6 желтоқсан күндері елімізге Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли таратқан хабарламаға сілтеме жасап.</p>

Көпқырлы қазақ-өзбек қатынастарына тың серпін беру мақсатымен Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Бөлісу:
Өзбекстан Президенті Қазақстанға келеді · Egemen Qazaqstan