Бокс
1 мин оқу 130

Боксшылар Оралда бас қосады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Бокстан ерлер және әйелдер ара&shy;сындағы биылғы ел біріншілігінің өтетін уақыттары белгілі болды. Жі&shy;гіт&shy;тер 14-24 желтоқсан аралығында Оралда жұдырықтасса, әйелдер 7-12 жел&shy;тоқ&shy;сан күндері Ақмола облысының Шу&shy;чинск қаласында шаршы алаңға шығады.</p>

Боксшылар Оралда бас қосады

Ерлер арасындағы бәсекелер АИБА-ның жаңа ережесі бойынша 13 салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл біріншіліктен жуырда ғана Сербия астанасы – Белградтағы әлем біріншілігінде жүлде алған боксшылар босатылған. Атап айт­қанда, жанкүйерлер Оралдағы шаршы алаңда әлем чемпиондары – Теміртас Жү­сіпов (48 кг) пен Сәкен Бибосынов (51 кг), күміс жүлдегерлер – Сабырхан Махмұд

(54 кг), Серік Темір­жанов (57 кг) және қола ме­даль иегері Абы­лайхан Жүсіповтің өнерін тамаша­лай алмайды.

Сондай-ақ бас бапкер Қайрат Сәтжановтың шешімі бойынша Асланбек Шымбергенов (71 кг) пен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) та биылғы додаға қатыспайды. Қоңқабаев осы айда кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізетінін де айта кетейік. Ал қалған боксшылардың бәрі ұлттық құрама сапына қосылу үшін ел чемпионатында бақ сынайды.

Бөлісу:
Боксшылар Оралда бас қосады · Egemen Qazaqstan