Әлем
1 мин оқу 162

Электр стансасындағы өрттен 8 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Қытайдың солтүстік-шығысында Шаньси провинциясында электр стансасы аумағында өрт шығып, 8 адам мерт болды, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы CCTV мәлім етті.

CCTV мәліметінше, өрт жергілікті уақытпен 6 желтоқсан түнгі сағат 01:36-да Шаньси провинциясы (Солтүстік-шығыс Қытай) Шоуян уезінде электр стансасы аумағындағы адам тұратын жерден шыққан.

Қызыл жалын жергілікті уақытпен сағат 04:20-да сөндірілді. Өрт салдарынан 8 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы бірқалыпты.

Қазір шығу себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:
Электр стансасындағы өрттен 8 адам көз жұмды · Egemen Qazaqstan