Оқиға
1 мин оқу 124

Павлодарда екі адамды көлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Жол-көлік оқиғасы қаладағы Солүстік өндірістік аймақ көшесінде болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

4 желтоқсан күні сағат 17.00-де «Ауди 100» автомашинасының 45 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, 1983 және 1982 жылдары туған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Олар реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен көлік жүретін бөлікті кесіп өткен,  - дейді   облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға салдарынан жаяу жүргіншілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.

Бөлісу:
Павлодарда екі адамды көлік қағып кетті · Egemen Qazaqstan