Аймақтар
1 мин оқу 450

Өскемен мен Семей арасында жол жабылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында &laquo;Өскемен-Семей&raquo; тасжолының 10-198 шақырымы жабылып, &laquo;Омбы-Майқапшағай&raquo; тасжолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 06.30-дан бастап өңір бойынша ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда жаңбыр жауып, көктайғақ болуына байланысты жол жабылды.

«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының арасы) автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды.

Сондай-ақ республикалық маңыздағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының арасы) тіркемесі бар жүк көліктерінің және автобустардың қозғалысы шектелді», делінген ақпаратта.

Осы ретте департамент мамандары тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.

Бөлісу:
Өскемен мен Семей арасында жол жабылды · Egemen Qazaqstan