Спорт
1 мин оқу 430

Қазақстанда шахматтан әлем чемпионаты өтпейтін болды

<p style="text-align: justify;">Елордада рапид пен блиц бойынша жоспарланған 2021 жылғы әлем біріншілігі өтпейтін болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл жаңалықты FIDE халықаралық шахмат федерациясы Twitter-де таратты.

Жүлде қоры 1 млн долларды құрайтын жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Қазақстанда өтуі тиіс еді.

«Қазақстан үкіметі коронавирусқа байланысты жақында енгізген жаңа шектеулері әлем біріншілігін өткізбеуге себеп болды. Олар көптеген әлеуетті қатысушылар үшін міндетті 7 күндік карантин енгізеді, бұл олардың қатысуын мүмкін емес етеді», деп жазады FIDE.

Сондай-ақ, FIDE бұл турнирдің балама нұсқаларын ұсынатынын хабарлады.

Бөлісу: