Пікір
2 мин оқу 950

Болашақ ұрпаққа өсиет

<p style="text-align: justify;">Елбасының &laquo;Тәуелсіздік тағылымы&raquo; атты мақаласын оқып болғаннан кейін тағы бір рет Көшбасшымыздың адам және саясаткер ретіндегі бірегей қабілеті, даналығы мен көрегенділігіне таң қалдым.</p>

Болашақ ұрпаққа өсиет

Биыл ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Бұл мерзім адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт емес. Бірақ осы бір қысқа мерзім­нің ішінде экономикалық-әлеу­меттік және саяси қиыншы­лықтарды еңсере білген Қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды. Алайда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халықаралық сарапшы­лар және саясаттанушылар Қазақстан этностық және діни қақтығыстар салдарынан ыдырап кетуі мүмкін деген болжамдар айтатын. Бірақ бұл пессимистік болжамдар жүзеге асқан жоқ.

Көпэтносты Қазақстан үшін тұрақтылықты, этносаралық келі­сімді қамтамасыз ету – мем­ле­кет­тік саясаттың маңыз­ды ба­сым­дық­тарының бірі, әлеу­мет­тік-экономикалық және саяси рефор­маларды жүргізудің негізгі мін­деті болды. Еліміздің Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұл­тан Назар­баевтың саяси ерік-жі­гері, көре­гендігі халықтың бір­лі­­гін қам­тамасыз етуге бағыттал­­ды. Бұл саясаттың өмірде іске асырылуы қоғамдық келісім мен жал­пы­­ұлт­­тық бірліктің қазақ­стан­дық моделінде көрініс тауып, ол халық­аралық тұрғыдан мойындалды.

Еліміздің басты заңы – Конс­ти­ту­циямызда этносаралық және кон­фессияаралық қаты­нас­­­­тар тура­лы нормасы «біз, Қазақ­стан халқы» деген сөз­дер­ден басталады, бұл әуел бас­тан-ақ елдің барлық азамат­тары­ның ортақтығы идеясын біл­діру үшін жазылған. Біз бірге­міз, біртұтаспыз және үл­кен ұлт немесе кіші ұлт деп бөлін­­бейміз. Тәуелсіздігіміздің ал­ғаш­қы күндерінен бастап Елба­сы еліміздегі бірлік пен татулық идея­сын жүзеге асыру принципін әр­қашан алға қойған болатын.

Елбасы: «Азат еліміздің жас­тары Тәуелсіздікке барар жолдың қандай азапты бол­ғанын, қандай құрбандықтар мен сынақтар – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, ашаршылықтың алапат екі толқыны, қуғын-сүргін мен репрессиялар, Ұлы Отан соғысы, тың игеру жылдарындағы жаппай қоныс аударудың зардабы арқылы жеткенімізді білуі керек. Мұның өзі өткен тарихты қастерлеп, одан сабақ алу үшін қажет. Менің «Тәуелсіздік – бабалар қанымен келген киелі құндылық» дейтінім осыдан», деп айтады.

Ел тәуелсіздігінің басында тұрған, өтпелі кезеңнің бар­лық қиыншылығын еңсеріп, мемлекеті­мізді саяси, әлеуметтік, экономи­калық дағдарыстарға соқтырмай, бүгінгі көз көрген ынтымақ пен жетістікке қол жеткіз­ген еліміздің Тұңғыш Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегін, дұрыс таңда­ған саясатын әлем жұртшылығы да мойындауда. Қазір Тәуелсіз Қазақ елінің тарихы жасалды.

Еліміздің Тәуелсіздігі мен Ел­басы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұш­тасып жатқанын, олар­дың бір-бірі­мен ажырағысыз егіз ұғым еке­нін ақиқат есебінде тарих көрсетіп отыр.

Ойымды қорыта келе, Елбасы­ның: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мем­лекетінің нығайып, көркеюі жолын­да жан теріңді сығып жүріп ең­бек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмыт­па!» деген сөзі бола­шақ ұрпаққа ұран болсын деп тілеймін!

Қасиетті Тәуелсіздігіміз баян­ды болсын!

Наталья ДЕМЕНТЬЕВА,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Болашақ ұрпаққа өсиет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар