Ауа райы
1 мин оқу 300

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 14-16 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райын, солтүстік-батыс антициклоны айқындайтын болады. Ол температураның қысқа мерзімге төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келеді.

Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронталды аймағында болады – мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды.

Осыған байланысты мұнда да температураның төмендеуі және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы болжанады.

Мереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан циклон жырасы әсер ете бастайды жауын-шашын, көктайғақ болжанады», делінген синоптиктер мәліметінде.

Бөлісу:
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? · Egemen Qazaqstan