Нұрсұлтан Назарбаев альпинист Мария Әуезовамен кездесті
<p style="text-align: justify;">Кездесуде Мария Әуезова Елбасыға қамқорлығы үшін және оның арманын орындап, бионикалық протез алуға көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті спортшының мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан Эвересті бағындыруға бел буған табандылығы мен өжеттігін атап өтті.
– Кезінде мен де Абай шыңын бағындырдым. Бұл қаншалықты қиын екенін жақсы білемін. Сізге жарайсыз демекпін. Мұндай дүниелер адамдарға шабыт беріп, қанаттандыра түсері сөзсіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Анықтама үшін:
2021 жылғы сәуір айында Мария Әуезова альпинистер командасымен бірге Эверест базалық лагеріне (5364 метр) және Кала-Патхар тауына (5640 метр) шықты. Елбасы Эвересті екі аяғының жоқтығына қарамастан бағындырған альпинистің ерлігіне тәнті болып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясында оған протез алуға көмектесуге уәде берген болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен М.Әуезоваға бионикалық протез алынды және ол мамандардың бақылауымен бейімделу курсынан өтті.
