Әлем
1 мин оқу 330

Президенттің емес, Порошенконың партиясына сенеді

<p style="text-align: justify;">Киев халықаралық әлеуметтану университетінің мамандары Украина еліндегі партияларға қатысты сауалнама жүргізді. Нәтижесінде сауалнамаға қатысқандарға бұрынғы Президент Петр Порошенконың &laquo;Еуропалық ынтымақтастық&raquo; партиясының ұстанымы жақын екені мәлім болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президенттің емес, Порошенконың партиясына сенеді

Иә, «Сайлау өтсе қай партияны таңдайсыз?» деген сарындағы сауалмен өткен сауалнамаға елдің мыңдаған тұрғындары қатысқан. Олардың 19,8 пайызы «Еуорпалық ынтымақтастық» партиясын таңдауға әзір екендіктерін жеткізген. Әлбетте, бұл цифр Президент Владимир Зеленский жетекшілік ететін «Халық қызметшісі» партиясына халық күдікпен қарайды дегенді білдірмейді. Әйткенмен, сәл де болса таразы басы Порошенконың партиясына қарай ауа бастағанын аңғартады.

Бөлісу:
Президенттің емес, Порошенконың партиясына сенеді · Egemen Qazaqstan