Әлем
1 мин оқу 425

Қытайда «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

<p style="text-align: justify;">Қытайдың Тяньцзинь қаласында COVID-19-дың &laquo;омикрон&raquo; штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл туралы дүйсенбі күні жарияланған Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі муниципалдық орталықтың хабарламасында айтылған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Омикрон» штамын жұқтырған азамат шетелден келген. Ауру симптомсыз жалғасуда, қазіргі кезде ол оқшауланған және арнайы бөлінген ауруханада ем қабылдап жатыр. «Бұл – құрлықтық Қытайдағы омикрон штамын жұтырудың бірінші жағдайы», делінген Тяньцзинь қаласының эпидемологиялық штабының хабарламасында.

Қытай мегаполисінің билігі тұрғындарды COVID-19-дың алдын алу және бақылау шараларын ұстануға, маска тағуға, қолды жиі жууға және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

Тяньцзинь – Қытайдың орталық бағынысындағы қала, 13 миллионнан астам тұрғыны бар. Ол ел астанасы Бейжіңнен 100 шақырым жерде орналасқан.

Бөлісу:
Қытайда «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді · Egemen Qazaqstan