Үкімет басшысы вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды
<p style="text-align: justify;">ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп айтуға болады. Күн сайын тіркелетін короновируспен ауырғандар саны көбейіп жатқан жоқ. Инфекциялық ауруханалардағы төсек-орындар 23 пайызға, реанимациялық орындар 20 пайызға толық», деп атап өтті Премьер-Министр бүгін Үкімет отырысында.
Оның дерегінше, «сары» аймақта – 6 өңір, «жасыл» аймақта 11 өңір бар.
«Қазіргі уақытта 8,8 миллионнан астам адам 1-компонентті (коронавирус вакцинасының - ред.) салдырды. Бұл 18 жастан асқан адамдардың 78 пайызына жуық. 8,3 миллионнан астам адам 2-компонент салдырды. Бұл шамамен – 73 пайыз. Бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды жалғастырып, вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажет», деген Асқар Мамин жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.
