Гаитидегі жарылыстан қайтыс болғандар саны 60-қа жетті

Гаитидің солтүстігіндегі Кап-Гайтиен қаласында жанармай автоцистернасының жарылысынан қаза тапқандар саны 60-қа жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Le Nouvelliste  сайтына сілтеме жасап.

Оқиға болған жерге жақын орналасқан 20-дан астам ғимарат зардап шекті.
Гаити билігі үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.
«Үкіметімнің және Гаитидің бүкіл халқының, соның ішінде диаспораның атынан қаза болғандардың туыстарына, сондай-ақ осы қайғылы оқиғадан тікелей немесе жанама зардап шеккендердің барлығына шын жүректен көңіл айтамын. Бүкіл ел аумағында үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды», деп жазды Гаити премьер-министрі Ариэль Анри Twitter-де.