Спорт
1 мин оқу 554
Арман Әшімов қарсыласын жалаң жұдырықпен нокаутқа түсірді
<p style="text-align: justify;">Танымал қазақстандық ММА шебері Арман Әшімов жалаң жұдырықпен өткізген алғашқы жекпе-жегінде бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионатына және Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Белякті жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Sports.kz мәлім етті.
Жекпе-жек Киевте Украина лигасының Mahatch FC турнирінде өтті. Қазақстандық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді.
Әшімов ережесіз жекпе-жектегі соңғы айқасын 3 қазанда Naiza Fighting Championship 34 турнирінде өткізіп, әзербайжан спортшысы Серхан Валилиді нокаутқа түсірген болатын.
Бөлісу:
