Әлем
1 мин оқу 430

Сауда орталығындағы өрттен жеті адам зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Гонконгтағы жанып жатқан сауда орталығында 300-ден астам адам құлыптаулы қалған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сауда орталығындағы өрттен жеті адам зардап шекті

Гонконгтағы сауда орталығының төбесінде тұтанған қатты өрт кезінде құлыпталып қалған адамдардың саны 300-ден асады. Олардың жетеуі зардап шеккені туралы South China Morning Post басылымы ақпарат таратты.

Бұған дейін полиция алдын ала мәліметтер бойынша ашық алаң орналасқан бесінші қабатқа 100-ге жуық адам эвакуацияланғанын хабарлады.

Сондай-ақ басылымның мәліметінше, жеті адам газдан уланған. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды. Атап өтілгендей, өрт электронды жабдық орналасқан үй-жайда болған.

Бөлісу:
Сауда орталығындағы өрттен жеті адам зардап шекті · Egemen Qazaqstan