Экономика
2 мин оқу 3,430

Жаңа жылдан бастап жалақы өседі

<p style="text-align: justify;">ҚР Үкіметі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілу туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа жылдан бастап жалақы өседі

Қаулы бойынша, аталған сала қызметкерлерінің еңбекақы тарифиндегі мөлшерлемелер былай өзгереді:

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

3. Медицина және фармацевтика қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады: біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы):

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63;

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде белгіленеді.

4. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне:

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23;

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45;

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71;

  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

    Қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінімен мына жерде таныса аласыз.
Бөлісу: