Аққыстауда ашылған монумент
<p style="text-align: justify;">Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылында ерекше нысан бой көтерді. Бұл – Тәуелсіздік монументі. Биіктігі – 16, ұзындығы мен ені 6,5 метрді құраған монумент мұнарасында қазақ халқының киелі шаңырағы мен ұшып жүрген құстар бейнеленген.</p>

ңгілік болсын деген идеямен мұнараның биігіне халқымызың киелі шаңырағы орнатылды. Бабалар аңсаған тәуелсіздікті баянды етуге баршамыз үлесімізді қоссақ, еліміздің еңсесі биік болады, – деді монументтің ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов.
Мұнараның артқы жағында биіктігі – 5, ұзындығы – 7, ені – 1,10 метрлік 3 колоннаға рельефт-мүсіндер орнатылған. Онда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беру сәті мен еліміздің 30 жылдағы жетістіктері көрініс тапқан.
Атырау облысы
