Тәуелсіздік
1 мин оқу 443

Италиядан жеткен «Раушан»

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Ұлттық музейде &laquo;Шекарасыз музей&raquo; идеясының шеңбері мен Италия Республикасы және Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл&shy;дығы аясындағы &laquo;Ита&shy;лия Республикасының Қазақ&shy;стан Тәуелсіздігінің 30 жыл&shy;дығымен құттықтауы&raquo; ресми салтанатты шарасы өтті.</p>

Италиядан жеткен «Раушан»

Іс-шара барысында италиялық заманауи суретші Луиза Валентинидің «Раушан» инсталяциясы таныстырылды. Салтанатты рәсімде сөз сөй­леген Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Марко Альберти бұл туындының таңдалу себебін тү­сіндірді. «Қазақстанды Тәуел­сіз­дік­тің  30 жылдық мерейтойы­мен шын жүректен құттықтаймын. «Рау­­шан» инсталяциясын таңдауы­мыз­дың бірнеше себебі бар. Бірін­шіден, раушан гүлі махаббаттан бө­лек сенімді, құрметті білдіреді. Осы туын­ды арқылы екі ел ара­сын­дағы бай­ланыстың маңызын көрсеткіміз келді. Сондай-ақ гүлдің жайқалып өсуі үшін оған ерекше күтім керек. Ендеше, осы арқылы Италия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасымызды ілгерілету үшін өзара байланысқа ерекше көңіл бөлген жөн. Инсталяция арқылы осыны көрсеткіміз келді», дейді Марко Альберти.

Луиза Валентини – италиялық жас суретшінің бірі. Іс-шараны ұйым­­­­дастырушылардың айтуынша, атал­ған суретшіні таңдаудың да сыры бар. Өйткені 30 жылдық мерей­той тарихта аз ғана уақыт. Жас өнерпаздың туындысы ар­қы­лы Қазақ­станның келешегі жарқын екенін көрсетуді мақсат тұтқан.

Қазақстан 1991 жылы егемендік алғаннан кейін тәуелсіздігімізді мойын­даған алғашқы елдердің бірі – Италия. Осы маңызды тарихи оқиғадан кейін екі ел арасында дип­ломатиялық қарым-қатынас орнап, елшіліктер ашылғандығы белгілі. Бүгінде бұл елшіліктер саяси-эконо­микалық, мәдени және тағы басқа қарым-қатынастарды дамыту жолында табысты қызмет атқарып келеді.

Салтанатты рәсімге елшілер, бел­гілі мемлекет және қоғам қайрат­керлері, сондай-ақ шығармашылық зия­лы қауым өкілдері, музей қыз­меткерлері қатысты.

Бөлісу:
Италиядан жеткен «Раушан» · Egemen Qazaqstan