Спорт
1 мин оқу 350

«Алтай» клубы волейболдан әлем чемпионатын сәтсіз бастады

<p style="text-align: justify;">Анкарада әйелдер кәсіпқой клубтары арасында волейболдан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан турнирді жеңіліспен бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алтай» клубы волейболдан әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Алғашқы ойында өскемендік «Алтай» клубы бразилиялық «Minas Tenis Club» клубымен кездесті. Жекпе-жек 0:3 (20:25, 22:25, 18:25) есебімен қазақстандық клубтың жеңілісімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, волейболдан әлемдік додаға Алтайымен бірге тағы бес клуб шықты. Олар италиялық Карраро Имоко Конеглиано, Түркиядан ВакифБанк Стамбул және Фенербахче Опет Стамбул, сондай-ақ бразилиялық Minas Tênis Clube және Dentil Praia Clube командалары.

Бөлісу:
«Алтай» клубы волейболдан әлем чемпионатын сәтсіз бастады · Egemen Qazaqstan