Елорда
2 мин оқу 244

Елордада жұмыс істейтін жастарға баспана беріледі

<p style="text-align: justify;">Елордада 2021 жылға арналған &laquo;Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана&raquo; тұрғын үй бағдарламасының нәтижелері жарияланды. Бағдарлама бойынша өткендердің арасында екі көппәтерлі тұрғын үйде орналасқан 800 пәтер бөлінеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Биыл «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға 4863 адам өтінім берді, олардың 800-і жақын арада пәтер кілтін алады.

Нұр-Сұлтанда бағдарлама бойынша өткендердің тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланған .

Үш тізім жасалды:
- Іріктеуден өткен (ең төменгі шекті балл – 20);
- Резерв (өтінім беруші негізгі талаптар бойынша келеді, бірақ балдар бойынша өтпейді және егер мақұлданған 800-ден бас тарту болған жағдайда, онда резервтік тізімнен өтінім берушілер қабылданады);
- Іріктеуден өтпегендер (qatysu.zhilfond.kz порталында жеке кабинеттен бас тартылған);

213 пәтер Кенесары және Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан, оның ішінде:
- 1 бөлмелі пәтерлер – 144. Жалпы ауданы: 40,0 - 49,5 м2.
- 2 бөлмелі пәтерлер – 69. Жалпы ауданы: 56,7 - 58,7 м2.

Тағы 587 пәтер Абылай хан, Б. Момышұлы және Р. Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан, оның ішінде:
- 1 бөлмелі пәтер – 378. Жалпы ауданы: 40,0 - 48,8 м2.
- 2 бөлмелі пәтерлер– 209. Жалпы ауданы: 55,9 - 57,5 м2 .

Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізілді, пәтерлерді бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына және жинаған балдарына сәйкес жүргізіледі.

- Бағдарламаның барлық қатысушыларына «Іріктеуден өтті», «Резерв» немесе «Бас тартылды» деген смс-хабарламалар жіберілді.
- Бағдарлама бойынша өткендер үшін қоныстандыру уақыты мен күні, пәтердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарланады және qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетте орналастырылады.

Бөлісу:
Елордада жұмыс істейтін жастарға баспана беріледі · Egemen Qazaqstan