Қазақстан
1 мин оқу 1,113

Жастар үшін негізгі құндылықтар қандай?

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаралған &laquo;Қазақстан жастары &ndash; 2021: Тәуелсіздіктің 30 жылы&raquo; атты ұлттық баяндаманың тоғызыншы шығарылымы аясындағы талдау барысында жастардың қазіргі дамуының бірнеше маңызды сипаттамалары анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осылайша, жастардың негізгі құндылықтары соңғы 5 жыл бойы өзгеріссіз қалды. Өткен жылдардағыдай жастар арасындағы басты құндылық-отбасы - 82,5%, екінші орында – денсаулық – 45,6%, үшінші орында – достық - 23,1%.

в

Сауалнамаға қатысқан жастардың 72,3% өздерінің денсаулықтарын мықты деп санайды, 44,8% үнемі профилактикалық тексеруден өтеді. Жастарды бұқаралық спортқа тарту процесінде де оң динамика бар екенін атап өткен жөн – жастардың 60,9% спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Сондай-ақ, ғылым саласында да оң динамика байқалады: соңғы 9 жылда 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны 21% артты.

Жалпы, жастардың 78% болашаққа зор сеніммен, бірқалыпты қарайды.

Бөлісу:
Жастар үшін негізгі құндылықтар қандай? · Egemen Qazaqstan