Әдебиет
1 мин оқу 640

Жас ақындар жарқылы

<p style="text-align: justify;">Айтыс &ndash; қазақтың ата өнері. Екі шекті домбыраның ырғағымен елдің ықыласына бөленген ақындар қарапайым халық үшін қашан да қымбат. Оған біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен жас ақындар айтысында куә болдық.</p>

Жас ақындар жарқылы

Рухани шараны Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Қазақстан Жас­тарының Конвенті ұйымдастырды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінде өткен дүбірлі жыр додасына жер-жерден келген 14-29 жас аралығындағы айтыс өне­рінің жас қырандары қатысты. Жыр бәйгесіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман бастаған елге белгілі қаламгерлер қазылық етті.

Іс-шараның мақсаты – жас дарын­дардың көпшілікке шеберлігін көрсету, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық сана-сезімін ояту. Сахнаны жырға бөлеген ақындар бұл үдеден шықты деген ойдамыз. Оған шара барысындағы көрерменнің ілтипаты дәлел.

Айтысты құттықтау сөзбен ашқан университет ректоры Ерлан Сыдықов Қазақ әдебиеті кафедрасының профес­соры, филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтайдың кеудесіне «Күлтегін» медалін тағып, иығына шапан жапты. Одан кейін қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерманға студенттер қауымының атынан сый-сияпат жасады.

Қорытындылай келгенде, бірінші орынға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Фило­логия факультетінің студен­ті Абзал Мақаш ие болды. Ал екін­ші тұ­ғырға Қазақ ұлттық өнер уни­вер­ситетінің студенті Ақбота Ма­нарбекова мен Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлт­тық өнер ака­демиясының студенті Мейір­­бек Саламатов шықты. Сондай-ақ үшінші сатыдан Л.Н.Гумилев атын­да­ғы ЕҰУ Журналистика және сая­сат­тану факультетінің студенті Ерасыл Бай­ментаев, «Астана» медицина уни­вер­ситетінің студенті Сағыныш Смет, Х.Дос­мұхамедұлы атындағы Аты­рау мемле­кеттік университетінің сту­денті Фариза Жетпісбаева көрінді.

Бөлісу:
Жас ақындар жарқылы · Egemen Qazaqstan