Көктайғақ салдарынан 50-ге жуық көлік соқтығысты
<p style="text-align: justify;">Германияның Амберг қаласында көктайғақ салдарынан 50-ге жуық көлік бір-біріне соғылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.bild.de/video/clip/video/vom-eisregen-ueberrascht-massencrash-50-autos-rasen-auf-a6-ineinander-78635984,auto=true.bild.html" target="_blank" rel="noopener noreferrer">BILD </a>басылымына сілтеме жасап.</p>
Басылым мәліметтеріне сәйкес, ірі жол апатынан бірнеше адам түрлі дене жарақаттарын алған.
Оқиға алтыншы автобанда орын алды. Қазір бұл жол екі бағытта да толығымен жабылды. Апаттың себебі - қалада жауған мұзды жаңбыр.
«Жоғарғы Франконияда мұзды аралас жаңбыр жауды. Апат орнына аттанған біздің әріптестеріміз де біраз қиындықтарға тап болды», дейді тәртіп сақшылары.
