Коронавирус
1 мин оқу 8,410

БҚО-да «омикрон» штамы анықталғаны рас па? ДСМ жауабы

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстанда &laquo;омикрон&raquo; штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлекметтік желілерде БҚО-да коронавирустың жаңа штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталғандығы туралы ақпарат пайда болды.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл жалған, «омикрон» жайлы ресми ақпарат жоқ», деді ДСМ баспасөз қызметі.

Айта кетсек, ҮҚК өкілі брифингте БҚО-да бірде-бір оқиға тіркелмегенін нақты айтқан болатын.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

Бөлісу:
БҚО-да «омикрон» штамы анықталғаны рас па? ДСМ жауабы · Egemen Qazaqstan