Спорт
1 мин оқу 176

Нұр-Сұлтанда Азия чемпионаты өтеді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Күні кеше ғана әлемдік және құрлық&shy;тық триатлон федерациялары 2022 жылдың 23&ndash;24 маусым аралығында Нұр-Сұлтанда U23 пен Junior санат&shy;тарындағы спортшылар арасында Азия чемпионаты өтетінін растады.</p>

Нұр-Сұлтанда Азия чемпионаты өтеді

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты таратып отыр. Осылайша, ел астанасында алғаш рет 2022 Asia Triathlon Junior and U23 Championships Nur-Sultan атты құрлықтық біріншіліктің жалауы желбірегелі отыр. Негізі бұл бәсеке 2021 жылы ұйымдастырылуға тиіс еді. Алайда әлемдегі тұрақсыз эпидемиялық жағдайға және бірқатар елдердегі шектеулерге байланысты аталған жарыс белгі­ленген мерзімде өткен жоқ.

Еске сала кетейік, 24 шілдеге TEMIRADAM Кубогының V кезеңі жоспарланып отыр. Pro және Age Group санатындағы сайыскерлер құрлықтық чемпионаттың тарихи дистанция­сында сынға түсу мүмкіндігіне ие болды.

Бөлісу: