Аймақтар
1 мин оқу 540

Атырауда 70 келіге жуық бекірені тасымалдағандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Атырауда полицейлер 70 келіге жуық бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаған екі адамды ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда 70 келіге жуық бекірені тасымалдағандар ұсталды

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің мәліметінше, бағалы балық «Бекіре-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде тәркіленген.

«Полиция қызметкерлері 21 желтоқсанда «Ақтөбе-Астрахань» тас жолы бойында тексеру жүргізіп, ер адамның көлігінен полиэтилен пакетіне салынған 23 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Бағалы балықтар  «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытына тапсырылды. Балықтың салмағы 67 келі 600 грамды құрап, сәйкес құжаттар жасақталды. Қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған көлік жүргізушісі мен жолаушысына қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 2-бөлігі, 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», дейді Қамза Үмбетқалиев.

Бөлісу:
Атырауда 70 келіге жуық бекірені тасымалдағандар ұсталды · Egemen Qazaqstan