Конор ешқашан шайқастан қашқан емес – Дана Уайт
<p style="text-align: justify;">UFC президенті Дана Уайт ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегордың кәсіби мансабына қатысты жеке пікірін білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="/admin/news/championat.com">championat.com</a>-ға сілтеме жасап.</p>

«Мен мыңдаған спортшымен жұмыс істедім. Олардың көпшілігі: «Бұл шайқас дәл қазір маған қажет емес» деген пікірді ашық айтып жүрді. 2015 жылы Жозе Альдо жекпе-жектен бас тартқан кезде Конор: «Кіммен болса да шайқасқа шығуға дайынмын. Жаттығуымды жалғастыра беремін. Қарсылас табылған уақытта маған қоңырау шал» деді.
Нейт Диазға қарсы октагонға шығатын кезде де оның жоспардағы шайқасы өтпейтін болды. Сонда Конор: «Ендеше Нейтке қарсы шығамын. Бұл жекпе-жек аралық салмақта емес, Нейт Диаздың салмағында өтеді. Егер мен оның салмағында төбелеспесем, бәрі бекер» дегенді алға тартты.
Қысқасы, Конор Макгрегор аралас жекпе-жек әлемінде орны бөлек спортшы. Ол ешқандай шайқастан қашқан емес», дейді Дана Уайт.
