Аймақтар
2 мин оқу 124

Жағдай тұрақтала бастады

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысы екі ай бойы &laquo;қызыл аймақта&raquo; болып, соңғы екі аптада &laquo;сары аймаққа&raquo; өткен еді. Сонда да жағдай толық түзеле қойған жоқ. Өткен тәулікте 74 адамның бойынан жұқпалы індет табылды. Ал індет шыққаннан бері облыс көлемінде барлығы 34 474 адам науқастанды.</p>

Жағдай тұрақтала бастады

Облыстың санитарлық-эпи­де­миологиялық бақылау де­пар­­таментінің деректеріне қара­ған­да, қазір ахуал бұрынғыға қарағанда біршама қалыпты жағдайға түсіп келеді. Індеттің таралуын мамандар екі аптаның өзгерісімен бағалайды. 9 және 22 желтоқсан аралығында КВИ 922 адамның бойынан табыл­ды. Бұл – 22 қараша мен 8 желтоқ­сан аралығындағы екі аптаға қарағанда 24 пайызға аз, яғни 1 253-тен 922-ге төмен­деген. Әри­не, арқаны кеңге салатын көр­сеткіш емес, бірақ бұ­рын­ғыға қарағанда төмен­деу. Соңғы тәулікте облыс ор­та­лы­ғында – 45, Мағжан Жұма­­баев ауданында – 6, Қы­зыл­­­жар мен Есіл аудандарында 5-тен сыр­қат анық­талды. Бас­қа аудан­дардан да жұқ­тыру тір­келді.

Өңір «сары аймаққа» өт­кеннен бері шектеу шаралары азайды. Вакцина салғызу бойынша насихаттау шара­лары жүргізілуде. Кешеге де­йін вакцинаның ал­ғашқы ком­понентін 268 583 адам салғыз­ған, ал толық салғыз­ғандар саны – 251 819. Pfizer вакцина­сын салдырғандар саны да көбейіп ке­леді, барлығы 5 692 адамға егілді, соның ішінде 4 420 жас­өспірім, 1 127 бала емізетін аналар бар.

Мониторингтік топтар өз қызметтерін қауырт жүргізуде. Желтоқсан айы басталғаннан бері олар 127 рейд жүргізді. 23 топтан тұратын олар 643 ны­санды қамтып, карантиндік шек­теулерді бұзған 15 адамды әкімшілік жауапкершілік­ке тартып, 1 079 290 теңгенің айып­пұлын салды. Соны­мен қатар Ashyq жобасының талабын бұзған 158 заңды тұл­ға анықталып, оларға 6,5 млн тең­генің айыппұлы салынды. Солтүстік Қазақстандағы жа­ман індеттің көбеюіне жол бере­тіндер – шекараның ар жағы­нан келгендер. 2020 жылдың қазан және 2021 жылдың жел­тоқсан аралығында Ресей Феде­рациясымен арадағы шекара бекет­терінен 300 мыңнан артық адам Қазақстанға өткен. Соның ішінде 5 866 адамның ПТР-тестен өткені туралы анықтамалары болмаған. Олардың бәрі каран­тиндік стационарларға жатқы­зылған. 316 адамның бойынан індет табылып, олардың 41-і стационарға жатқызылып, 275-і абулаториялық емделуге жіберілген. Ал 1 694 шетелдік азамат Қазақстан аумағына өткі­зіл­мей кері қайтарылған.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Жағдай тұрақтала бастады · Egemen Qazaqstan