Әлем
1 мин оқу 290

Қытайда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

<p style="text-align: justify;">Қытайдың батысындағы Цинхай провинциясының таулы аумағында бейсенбі күні таңертең 4,9 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қытайдың сейсмологиялық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сейсмологиялық орталықтың хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша таңғы 05:30-да болған. Жер сілкінісінің ошағы Голмуд қаласынан (ҚХР, Цинхай провинциясы) 62 шақырым жерде 10 километр тереңдікте тіркелген.

Бұл таулы жер саналады, теңіз деңгейінен 2,7 мың метр биіктікте жатыр. Голмуд қаласы Цинхай-Тибет тауларының ішкі аудандарында орналасқан. Қалада 200 мыңнан аса тұрғын бар.

Әзірге зарлап шеккендер туралы хабар түспеді.

Бөлісу:
Қытайда 4,9 балдық жер сілкінісі болды · Egemen Qazaqstan