Аймақтар
1 мин оқу 650

Сөйлейтін кітап

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында &laquo;Орал қаласының тарихы&raquo; атты жаңа танымдық ақпараттық интерактивті кітабының таныстырылымы болды.</p>

Сөйлейтін кітап

Бұл кітаптың ерекшелігі – тұңғыш рет жаңа технологиялармен интерактивті форматта жасалуы. Яғни бұл жинақтағы шаһар тарихының ежелгі кезеңінен бү­гінге дейінгі аралықтағы мәлі­меттер оқырманға IT-техно­ло­гияларға сүйенген медиакон­тент­пен берілген. Дәлірек айтсақ, кі­таптағы суреттер кенеттен «ті­ріліп» сөйлей жөнеледі, мұражай экспонаттары мен ескерткіштер 3D-форматта көз алдыңызға келе қалады. Интерактивті фотосуреттер, мәтіндердің орыс және ағыл­шын тілдеріне аудармасы QR-код бойынша қаралады.

– Бұл Орал қаласының тарихы жайында шыққан алғашқы кітап емес. Қаланың тарихы туралы бұған дейінде көптеген ең­бек жазылды. Бұл жинақта біз ша­һарымыздың әр кезеңдерде жа­рық көрген тарихын жинақтап, тал­дап, шынайы сипатқа келтір­дік. Соңғы кезде археологтер тап­­қан Жайық қалашығы қазба жұ­мыстарының нәтижесінде 13 ға­сырға дейінгі кезең қамтылды. Осы уақытқа дейін қала бес тарихи кезең­нен өтті. Тәуелсіз Қа­зақстан жағ­­дайында Орал шаһарымыз әрі қарай дами бермек, – деді тарих ғы­лым­дарының докторы, про­фес­­сор, академик, редакция ал­қа­­­­сы­ның төрағасы Тұяқбай Рыс­­беков.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Сөйлейтін кітап · Egemen Qazaqstan