Аймақтар
1 мин оқу 504

«Атырау-Индер» республикалық тас жолы жабылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Атырау облысында А-28 &laquo;Атырау-Индер&raquo; республикалық тас жолының бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2 қаңтар күні сағат 11:50-ден бастап Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, А-28 «Атырау-Индер» автожолының учаскесінде қозғалыс жабылды. Қозғалыс 64 - 164 км (Махамбет кенті – Индер кенті) автокөліктің барлық түрлері үшін тоқтатылды.

Атырау облысы ТЖД осы бағытта жүруден бас тартуды және 112 қызметінің СМС-хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Бөлісу:
«Атырау-Индер» республикалық тас жолы жабылды · Egemen Qazaqstan