Теннис
1 мин оқу 265

Турнирді жеңіспен бастады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аус&shy;тралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан теннистен 500 WTA турнирін жеңіспен бастады.</p>

Турнирді жеңіспен бастады

Осы доданың 7-ракеткасы болып тір­келген Е.Рыбакина жаңа жылдағы алғаш­қы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған аустралиялық Сторм Сан­­дерс­пен өткізді. Бірінші партияда қазақ­стандық теннисші басымдық танытты – 6:4. Екіншісінде аустралиялық спортшы 6:1 есебімен есе қайтарғанымен, үшінші, шешуші сетте Е.Рыбакина мық­тылық танытып, қарсыласынан басым түсті – 6:1. Екі сағатқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана ал­ды. Қарсыласы 5 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) шектелді. Е.Рыбакинаның екін­­ші айналымдағы қарсыласы кейін анық­талады.

Бөлісу:
Турнирді жеңіспен бастады · Egemen Qazaqstan