Елордада коронавирус жұқтыру саны күрт өсті
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Елордада коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері артты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Құрметті қала тұрғындары!
Бүгінгі таңда КВИ инфекциялық стационарларында бізде 425 пациент емделуде. Төсек жүктемесі 70%-дан асады. Реанимациялық төсектердің жүктемесі 32,5%. ӨЖЖ аппараты астында 6 пациент өмір үшін күресуде», деді Тимур Мұратов.
Елордада КВИ-мен күресу үшін ковидтік орталықтарға 7 қалалық стационар жұмылдырылды.
«Бұл эпидемиологиялық жағдай ең қолайлы емес, егер санитарлық нормалар ескерілмесе, коронавирус таралуының үлкен қаупі бар дегенді білдіреді», деді қаланың бас дәрігері.
