Президент шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының отырысы өтті. Жиында Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушы тұлғалар баяндама жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-shugyl-areket-etu-shtabynyn-otyrysyn-otkizdi-80406" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақордаға</a> сілтеме жасап.</span></p>
Отырыста Алматы қаласы мен өзге де өңірлердегі террорлық шабуылдардың салдарынан бүлінген әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарды, инфрақұрылымдарды қалпына келтіру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік күштері бөлімшелерінің елордада қорғау функциясын атқаруы қазақстандық құқық қорғау органдары күштерінің бір бөлігін босатып, лаңкестікке қарсы іс-қимылдарға қатысу үшін Алматыға жіберуге мүмкіндік берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тұрғындардың мүддесі үшін жағдайды тұрақтандыруға тартылған ведомстволардың жүйелі әрі жедел жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.
