Қазақстан
1 мин оқу 180

Жігерлі қадамнан басталды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы алдағы басты міндеттерді жіктеп берді және Үкімет басшысы тағайындалды. Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды.</p>

Жігерлі қадамнан басталды

Қазақстанға жаңару керек. Жұрттың да күтіп отырғаны сол. Президент барлық сала бойынша артық-кем тұсын айтып, түйткілді мәселелерді шешуді тапсырып отыр. Жаңа Үкіметтің Мемлекет басшысының тапсырмасын қалай жүзеге асыратынын уақыт көрсетеді. Қасым-Жомарт Тоқаев ашығын айтты, олигархиялық топтың пайда болуы әділ бәсекелестіктің жолын кесіп отыр, көлеңкелі экономика қымбатшылыққа әкелді. Оған дәлел – Ақтау халқының сұйытылған газ бағасына қатысты талабы. Нәтижесінде, бағаның негізсіз, қолдан жасалғаны белгілі болды. Бейбіт талаптың арты жаппай тәртіпсіздікке алып келді. Бүгін айтылған елдегі мәселелер бұған дейін де қозға­лып жүр. Бірақ соны шешу­шілердің күш-жігері бол­­ма­ған секілді. Енді Прези­дент іске жең түре кірісіп, жігер­лі болуды өзінен бастап отыр. Мемлекет басшысының сөз­ден іске көшу керектігін баса айт­қаны көңілге үміт ұялатады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев біраз жайт пен кейбір құзырлы орган­дар­дың қызметін сынады. Расында, былай алып қара­сақ, бейбіт шерудің арты жаппай тәртіпсіздікке айналды. Лаңкестік әрекеттің бол­ға­нын Президенттің өзі айт­ты, сонда лаңкестік әре­кет­ке жол беріп, ұлттық қауіп­сіз­дік ко­митеті, басқа да құзыр­лы ор­­ган­дар қайда қарап отыр­ды? Тәр­тіп сақшылары со­дыр­лар­­­мен күресті, олар қай­­дан кел­ді? Шекара қызметі қай­да қа­рап отыр? Сұрақ көп. Ен­­дігі мақ­сат – осыдан сабақ алып, оның қайта болуына жол бермеу.

Расул ЖҰМАЛЫ,

саясаттанушы

Бөлісу:
Жігерлі қадамнан басталды · Egemen Qazaqstan