Руханият
1 мин оқу 11,450

Қонаевтың қанатты сөздері

<p style="text-align: justify;">Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қай&shy;раткері, қазақтың ардақты ұлы, Дінмұхамед (Димаш) Ахмет&shy;ұлы Қонаевтың&nbsp;туған күні. Назарларыңызға еліне елеулі тұлғаның қанатты сөздерін ұсынамыз, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;</p>

***  

Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте.

 ***

Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.

 ***

Жалада шындық болмайды.

 ***

Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қал­ды­ру.

 ***

Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

 ***

Сенім – құдіретті күш: тауды да қозғайды.

***

Абыройдан ақ отау тіктім деген кісінің пенделігі аз болмайды.

 ***

Орынды сын ойлантпай қоймайды.

Бөлісу: