Елордалық оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшеді
<p style="text-align: justify;">Елордалық оқушылар мен студенттер онлайн оқу форматына қайта көшеді. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Оқушылар 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін, жоғары оқу орындарының студенттері 2022 жылдың 6 ақпанына дейін онлайн оқитын болады», деді Сархат Бейсенова.
Айта кетсек, білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарының жұмысы да онлайн-форматқа ауыстырылады.
Қызметкерлердің коронавирусқа қарсы вакцина алуына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылады.
