Оқиға
1 мин оқу 2,410

Кәрім Мәсімовпен бірге тағы кімдердің ұсталғаны айтылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер дерегі бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет. Ерғожин ұсталды.

Тергеу жалғасады.

Бөлісу:
Кәрім Мәсімовпен бірге тағы кімдердің ұсталғаны айтылды · Egemen Qazaqstan