Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 595

ӨТКЕН ЖИНАЛЫС ЖЕҢІСТІҢ 65 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев  Ұлы Отан соғысына қатысқан  ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, ескерткіш сыйлықтар тапсырды. “Баласағұн” орталық концерт залында Жеңістің 65 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болды. Бұл шараға соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен интернационалист жауынгерлер, облыстық және қалалық мә­сли­хаттардың  депутаттары қатысты. Салтанатты жиналыста жам­был­дық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне  облыс әкімі құт­тық­тау сөзін арнап, ҰОС-на  қа­ты­сушыларды мерекелік медаль­дармен марапаттады. Салтанатты жиналыс мерекеге арналған кон­церттік бағдарламамен аяқталды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. ТАРАЗ.
Бөлісу: