Елорда
1 мин оқу 200

Елордада рақымшылық бойынша бес адам жазадан босатылды

<p style="text-align: justify;">Елордада пробация есебінде тұрған 5 сотталған рақымшылықпен босатылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып, іс-құжаттары Нұр-Сұлтан қаласы аудандық соттарына жолданды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменттің пробация қызметі бойынша рақымшылық жасау заңын қарастырылуына 715 сотталған жатады. Оның ішінде 209 сотталған босатылуға, жазасын қысқартуға – 506 сотталған.

Аудандық соттың қаулысымен бес сотталған жазадан босатылды. Қаулы заңды күшіне енді. Олар бас бостандығынан шектеу жазасымен сотталғандар.

Ал қалған сотталғандардың іс-құжаттары соттың қарауында. Сотталғандар қатарынан Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметінің қызметкерлеріне өздерінің ризашылығын білдірді.

Бөлісу:
Елордада рақымшылық бойынша бес адам жазадан босатылды · Egemen Qazaqstan