Ауа райы
1 мин оқу 340

Кейбір өңірлерде күн суый түседі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері 18, 19 және 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Болжам бойынша, Қара теңіз аудандарынан келетін Батыс антициклоны Қазақстан аумағындағы ауа райына әсер етеді. Антициклон әсерінен елдің солтүстігінде күн суытып, жауын-шашын тоқтайды.

«Ал Қазақстанның батысына қарай Мурманск аудандарынан келетін циклон  ауа райына әсер етеді. Жаңбыр мен қар жауып, екпінді жел соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Осылайша солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде термометр бағандары түнде 10-25 градус аязға, батыста 5-15 градус аязға, оңтүстікте 0-15 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Кейбір өңірлерде күн суый түседі · Egemen Qazaqstan