Аймақтар
1 мин оқу 165

Алматыда қару қабылдау науқаны басталды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы Полиция департаменті заңсыз қару сақтаған азаматтарға қаруларын жақын жердегі полиция басқармасына өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілгенін мәлімдеді,&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда қару қабылдау науқаны басталды

Сонымен қатар ҚР ҚПК-нің 287 бабына сәйкес қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

«Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат білетін болсаңыз, «102» пультіне хабарласуыңызды сұраймыз, анонимділікке кепілдік беріледі.

Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», делінген хабарламада.  

Сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77

Бөлісу:
Алматыда қару қабылдау науқаны басталды · Egemen Qazaqstan